Иранның Денсаулық сақтау министрі Бакуде Әзірбайжан президентімен кездесті
Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрі Бакуде Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевпен кездесуінде Иранның фармацевтикалық компанияларының Әзірбайжан Республикасымен стратегиялық әрі оңтайлы ынтымақтастық жасау туралы құжаттарын әзірлегенін мәлімдеді.
Сейіт Хасан Қазизаде Һашеми кездесуде екі ел президенттерінің осы сапар барысындағы келісімдері мен бұйрықтары іске асып, екі ел қарым-қатынастарында жаңа көкжиектердің пайда болатындығына үміт білдірді.
Иранның Денсаулық сақтау министрі ИИР-ның Әзірбайжанмен денсаулық сақтау, едмеу және фармацевтика салалары бойынша ынтымақтастық жасауға дайын екенін мәлімдеп, екі ел арасындағы байланыстардың кеңеюімен екі халықтың өркендеуі мен әл-ауқатының жақсаруы үшін қажет жағдайлардың жасалатындығына үміт білдірді.
Әзірбайжан Республикасының президенті Илхам Әлиев те кездесуде Иранның медицина саласы оқытушыларының Бакудегі емдеу және білім беру орталықтарында сабақ беруін сұрап: "ИИР-мен қатынастарды дамыту үшін тиісті бұйрықтар беріліп, Әзірбайжанның барлық органдары емдеу және фармацевтика салалары бойынша ынтымақтастық жасайтын ортақ жобаларды жүзеге асыруға дайын",- деді.