Иранда өткен аптада 15 тоннадан астам әр түрлі есірткі заттары табылды
Шіл 14, 2018 17:34 Asia/Almaty
Ирандағы естіркімен күрес штабының халықаралық істер жөніндегі орынбасары шілденің 7-13 күндері Иранда 15 тонна 168 килограмм түрлі есірткі заттарының табылғанын хабарлады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ирандағы естіркімен күрес штабының халықаралық істер жөніндегі орынбасары Асадолла Хадинежад: «Есірткінің бұл кезеңде табылған мөлшері маусымның 30 мен шілденің 5 дейінгі уақытпен салыстырғанда 79 пайызға артты. 15 тоннадан артық есірткі заттарының табылуымен бірге қару-жарақ та табылып, тәркіленді»,- деді.
ИИР әлемде есірткі контрабандасымен күресушілердің көшбасшысы болып, осы жолда үш мыңнан астам азаматынан айырылды.
Тегтер