Революцияға қарсы екі топ талқандалды
Шіл 16, 2018 17:50 Asia/Almaty
Батыс Әзірбайжан облысының Барлау департаментінің қауіпсіздік күштері қаруланған екі лаңкестік топты анықтап, Хамза Сейіт аш-Шоһадо штабының жауынгерлерімен бірге екі кезеңдік жедел әскери амалдар барысында олардың көзін жойды.
ИРНА ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі мәліметі бойынша, Иран қауіпсіздік күштерінің төтенше әскери амалдары барысында революцияға қарсы лаңкестерден екі адам өліп, бірқатар лаңкес қару-жарақ, жарылғыш граната және тағы да басқа соғыс құралдарымен бірге құрықталды.
Бұл лаңкестік топтар кейбір елдердің тапсырысы және айрықша қолдауымен лаңкестік-бүлдіргі әрекеттерді жүзеге асыру мақсатында Иранға келген.