Харази: АҚШ – келіссөз жүргізетін мемлекет емес
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i38286-Харази_АҚШ_келіссөз_жүргізетін_мемлекет_емес
ИИР-ның халықаралық байланыстар стратегиялық кеңесінің төрағасы АҚШ-пен қандай болса да келіссөз жүргізу мүмкіндігін теріске шығарып: "Иранның АҚШ-пен жасаған келіссөздер тәжірибесі Вашингтонның жүргізген келіссөздері мен қол қойған құжаттарына табандылық танытпайтынын көрсетті",- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 16, 2018 20:18 Asia/Almaty
  • Харази: АҚШ – келіссөз жүргізетін мемлекет емес

ИИР-ның халықаралық байланыстар стратегиялық кеңесінің төрағасы АҚШ-пен қандай болса да келіссөз жүргізу мүмкіндігін теріске шығарып: "Иранның АҚШ-пен жасаған келіссөздер тәжірибесі Вашингтонның жүргізген келіссөздері мен қол қойған құжаттарына табандылық танытпайтынын көрсетті",- деді.

Камал Харази дүйсенбі күні Әлемдік бейбітшілік  қауымдастығының жетінші отырысы аясында ИРНА-ға берген сұхбатында: "ИИР осы уақытқа дейін АҚШ-пен Ауғанстан мен ядролық мәселеге қатысты келіссөздер жүргізді. Вашингтон екі жайтта да уәделеріне табанды болмады. Аймақ мәселелерін шешу үшін АҚШ-тың араласуы мен келіссөзі қажет емес. Аймақтың негізгі ойыншылары бір-бірімен келіссөз жүргізіп, өз мәселелерін өздері шешуі керек",- деді.