Иранның қоқан-лоққыларға қайтаратын жауабы қатаң болады
(last modified Wed, 25 Jul 2018 10:02:26 GMT )
Шіл 25, 2018 16:02 Asia/Almaty
  • Иранның қоқан-лоққыларға қайтаратын жауабы қатаң болады

Иран Қарулы күштері Иранға қарсы кез келген қоқан-лоққыға қатаң әрі өкіндіретін жауап қайтарады.

ИИР Қарулы күштері Бас штабының басшысы генерал-майор Мұхаммад Бақери сейсенбі күні АҚШ Президентінің қоқан-лоққыларына: "Орналасқан орталықтары мен мүдделері ИИР қорғаныс күштерінің бақылауында тұрған дұшпандар, әсіресе АҚШ арыстанның құйрығымен ойнамасын, әйтпесе аймақ пен әлем деңгейінде ойламаған жауаппен кезігеді",- деді.

Трамп Иран Президентінің ескертулеріне реакция білдіріп, Твиттердегі парақшасында: "Еш уақытта АҚШ-қа қоқан-лоққы жасамаңдар, әйтпесе оның күшін көресіңдер",- деп жазған болатын.

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Помпео да өткен жексенбі күні Иранға қарсы сөзінде Ирак пен Сирия соғысында АҚШ-тың ДАИШ және басқа лаңкестік топтарды қолдауын жасырып, Иранды Сирияның заңды үкіметі мен қарсыласу топтарын қолдағаны үшін айыптады. Ақ үйдің Иранға қарсы қоқан-лоққылары мен  өтіріктері АҚШ үкіметінің Иранның мүмкіндіктерін білмеуі мен қате сараптамаларға қатысты.

Америкалық аналитик Данил Лоресон: "Иран халқы АҚШ-тың елдің ішкі істеріне араласуын қолдамайды. Бұл елде АҚШ-тың араласуының тек Вашингтонның  мүддесін көздейтіндігіне екеніне ешқандай күмән жоқ",- деді.

Иран халқы ешқашан бірінші болып соғыс бастамайды. Бірақ бұл елдің Қарулы күштері Бас штабының басшысы  айтқандай: "ИИР халқы, шекарасы, тәуелсіздігі мен Ислам революциясын қорғау үшін аянып қалмайды. Иран құрлық, әуе қорғаныс жүйелері және теңіз салаларындағы әскери күшін арттырып, әртүрлі қоқан-лоққыға жауап қайтару үшін қажет мүмкіндікке ие". Бұл – АҚШ пен оның аймақтағы одақтастары үшін айқын жолдау. ИИР әрқашан аймақтағы бейбітшілік, тұрақтылық пен тыныштықтың туын көтеруші болып, Парсы шығанағы мен Ормұз бұғазының құдыреті ретінде бұл маңызды су жолы мен әлемдік экономиканың күретамырының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. 

Қазіргі уақытта да АҚШ үкіметіне Иранды жауап беруге итермелемеу туралы ақыл-кеңес беретіндер бар.

АҚШ-та кейбіреулер қоқан-лоққы және санкциялар арқылы Иран халқының жігеріне әсер етуге болады деп ойлайды. Ирандықтар мұндай ойлардың қате екендігін дәлелдеді. ИИР Қарулы күштері Бас штабының мәлімдемесі АҚШ басшылары үшін шынайы ескерту болады.

 

 

                                                                                                                                                                                                               

 

Тегтер