Камалванди: Иранда ауыр су өндірісі тоқтатылған жоқ
Шіл 26, 2018 08:50 Asia/Almaty
Иран Атом қуаты ұйымының ақпарат хатшысы елде ауыр су өндірісінің тоқтатылмағанын, бұрынғыдай жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Бехруз Камалванди сәрсенбі күні квантум және қауіпсіз байланыстар саласындағы жаңа технологияның ашылу рәсімі аясында ауыр су сату туралы сұраққа жауап беріп: «АҚШ «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін бұл елдің саясатында үлкен өзгерістер орын алды. АҚШ-тың Иранның ауыр суының сатылуының алдын алуға бағытталған талпыныстары жеңіліс тапты.
АҚШ-тың бұрынғы үкіметі Ираннан шамамен 30 тонна ауыр су сатып алған жағдайда бұл елдің жаңа үкіметі Ираннің ауыр суының сатылуының алдын алуға күш салып, көп кедергі тудырды»,-деді.
Тегтер