Ғасеми: Иран әлемдегі кез келген лаңкестік әрекетті айыптайды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i38480-Ғасеми_Иран_әлемдегі_кез_келген_лаңкестік_әрекетті_айыптайды
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Тәжікстандағы шетелдік туристерге жасалған лаңкестік әрекетті айыптады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 31, 2018 16:41 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Иран әлемдегі кез келген лаңкестік әрекетті айыптайды

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Тәжікстандағы шетелдік туристерге жасалған лаңкестік әрекетті айыптады.

ДАИШ лаңкестік тобы жексенбі күні Тәжікстанның оңтүстігінде төрт шетелдік туристі өлтірді. ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми Тәжікстан Ішкі Істер министрлігінің мәлімдемесінде Иранға қарсы айтылған жалған мәселелерді сынға алып: "Теһран бұл оқиғаға қатысты кез келген байланысты теріске шығарады. Аталмыш оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Тәжікстанның жауапты тұлғаларымен әріптестік жасауға әзір. Осыған ұқсас негізсіз мәселелерді көтеру екі елдің достық-бауырластық қарым-қатынасына зиян келтіреді",- деді.