Иранның Ормуз бұғазындағы шаралары аймақта қауіпсіздік орнатуға бағытталған
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i38558-Иранның_Ормуз_бұғазындағы_шаралары_аймақта_қауіпсіздік_орнатуға_бағытталған
Иран Қарулы күштерінің ақпарат өкілі Ормуз бұғазы қауіпсіздігінің аймақтағы алпауыт ел Иранмен байланысты екендігін, Иранның Ормуз бұғазындағы шараларының аймақта қауіпсіздік орнатуға бағытталғанын мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 06, 2018 18:05 Asia/Almaty
  • Иранның Ормуз бұғазындағы шаралары аймақта қауіпсіздік орнатуға бағытталған

Иран Қарулы күштерінің ақпарат өкілі Ормуз бұғазы қауіпсіздігінің аймақтағы алпауыт ел Иранмен байланысты екендігін, Иранның Ормуз бұғазындағы шараларының аймақта қауіпсіздік орнатуға бағытталғанын мәлімдеді.

Бригада генералы Абулфазл Шекарчи дүйсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында Иранды Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазы аймағы қауіпсіздігінің кепілі деп атады.

ИИР Президенті Хасан Рухани  2018 жылдың 21 шілдесінде АҚШ Президенті  Дональд Трамптың Иранға қарсы қоқан-лоққыларына реакциясында Иранның тарих бойында аймақтағы су жолдары қауіпсіздігінің кепілі болғанын, сондықтан АҚШ-тың арыстанның құйрығымен ойнамауын, өйткені Иранның жауабының өкіндірерлік болатынын баса айтты.