Иранның Ормуз бұғазындағы шаралары аймақта қауіпсіздік орнатуға бағытталған
Там 06, 2018 18:05 Asia/Almaty
Иран Қарулы күштерінің ақпарат өкілі Ормуз бұғазы қауіпсіздігінің аймақтағы алпауыт ел Иранмен байланысты екендігін, Иранның Ормуз бұғазындағы шараларының аймақта қауіпсіздік орнатуға бағытталғанын мәлімдеді.
Бригада генералы Абулфазл Шекарчи дүйсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында Иранды Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазы аймағы қауіпсіздігінің кепілі деп атады.
ИИР Президенті Хасан Рухани 2018 жылдың 21 шілдесінде АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы қоқан-лоққыларына реакциясында Иранның тарих бойында аймақтағы су жолдары қауіпсіздігінің кепілі болғанын, сондықтан АҚШ-тың арыстанның құйрығымен ойнамауын, өйткені Иранның жауабының өкіндірерлік болатынын баса айтты.
Тегтер