Иранның солтүстік-батысында бір лаңкестік топ жойылды
Там 11, 2018 16:36 Asia/Almaty
Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының құрлық күштерінің Хамза Сейед әл-Шохада базасы: "Бөгде барлау қызметтеріне бағынышты бір лаңкестік топ Иранның солтүстік-батысындағы Батыс Әзірбайжан облысының Ошнавие шекаралық ауданынан елге еніп,
тынышсыздық тудырып, бүлдіргі әрекеттер жасауды көздеген. Алайда олар Сақшылар корпусының күштері құрған тұзаққа түсіп, 11 лаңкестің көзі жойылды",-деп хабарлады.
Бұл лаңкестік топ жойылғаннан кейін Сақшылар корпусының күштері айтарлықтай көлемде қару-жарақ, оқ-дәрі мен байланыс құралдарын анықтап, тәркіледі.
Тегтер