Иран Каспий теңізінің құқықтық режимі туралы конвенциясына қатысты мәлімдеме жариялады
Иран СІМ Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан мен Түркіменстан СІМ-леріне ресми хат жолдап, ИИР-ның осы конвенцияны сараптаған мәлімдемесін ұсынды.
Мұхаммад Джавад Зариф хатта Иран мен Ресей арасындағы 1921 жылдағы және Иран мен Кеңес одағы арасындағы 1940 жылғы сауда-саттық жөніндегі келісімдердің тараулары мен мазмұнын еске салды.
Зарифтың хатында былай деп жазылған: "Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі конвенцияда теңіз түбі бөліктерінің шектері анықталмаған. Бұл іс міндетті түрде тиісті тараптар арасындағы келісім негізінде жүзеге асырылуы тиіс". Иранның мәлімдемесінде сондай-ақ Каспий теңізінің құқықтық режимі туралы конвенцияның бірінші бабындағы бастапқы шекара сызықтары анықталған бөлімдегі үшінші тармақта ИИР-ның Каспий теңізіндегі жағалауы көрсетілген. Бұл тармақты қосудың мақсатының Иранның ерекше жағдайын назарға алу екені айтылған.
Каспий теңізінің құқықтық режимін анықтау жөніндегі конвенцияға жексенбі күні Қазақстанның Ақтау қаласында өткен Каспий теңізі маңындағы елдер басшыларының бесінші саммитінде ИИР, Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан және Түркіменстан президенттерінің қатысуымен осы елдердің өкілдері қол қойды.