Иран халқы АҚШ-тың қастандықтарының алдында қырағылық танытады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Лариджани жексенбі күні Мәжілістің ашық жиналысында 28 мордад төңкерісін АҚШ-тың Иранның ішкі ісіне араласуының белгісі деп атап: "АҚШ 28 мордад төңкерісінде Иранды алдағы бірнеше онжылдыққа диктатордың шырмауына салды. Бүгінде қара тарихқа ие осы ел аймақ пен әлемнің қауіпсіздігі деген сылтаумен Иранға үстемдік еткісі келеді.
АҚШ қазіргі жағдайда Ираннан үркіту, алаңдаушылық тудыру, ой-сана әлсіздігі мен аймақ елдерінің бағыныштылығын теріс пайдалану арқылы аймақтың байлығын талан-таражға салып жатыр",-деді.
Лариджани АҚШ-тың санкция салуының мақсатын Иранның экономикасына үстемдік ету деп атап: "Иран халқы қырағылық, күш-қуат, сондай-ақ, Ислам революциясы жетекшісінің нұсқауларының арқасында АҚШ-тың қастандықтарын тағы залалсыздандырады",-деді.
Бүгін, жексенбі х.ш.ж.с.б. 1397 жылдың мордад айының 28 жұлдызы (2018 жылдың 19 тамызы) 1953 жылы Иран үкіметіне қарсы америкалық төңкеріс болған күннің жылдығына сәйкес келеді.