Иранда қолдан тоқылған кілемдердің 27-ші көрмесі басталды
Там 25, 2018 17:20 Asia/Almaty
Теһранда Иранның қолдан тоқылған кілемдердің 27-ші көрмесі 670 өндірушінің қатысуымен басталды.
Бұл көрме сан және сапа жағынан әлемнің ең үлкен қолдан тоқылған кілем көрмесі саналады. Иранның әртүрлі өңірлерінің кілемдері, қалы кілемдері мен кілемшелері, тықыр кілемдер мен алуан түрлі кілем-картиналар, сондай-ақ, Иранның ең бағалы көне кілемдері бұл көрмеде жұрт назарына ұсынылған. Көрменің маңыздылығы соншалықты, жыл сайын әлемнің әртүрлі елдерінің саудагерлері мен іскерлері оны көруге келеді. Ел ішінде сатумен қатар кілемдерді экспорттау және өндіруші мен тұтынушыны тікелей байланыстыру осы көрмені өткізудің ең маңызды мақсаттарының бірі болып отыр.
Тегтер