Әлиаскари: Иран ақпарат соғысымен бетпе-бет келіп отыр
ИИР Телерадио бірлестігінің басшысы: "Иран бүгінде ақпараттық және психологиялық салаларда дұшпанның соғысымен бетпе-бет келіп отыр. Сондықтан дұшпанның ақпарат соғысына табандылық білдіру керек",- деді.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Абдәлали Әлиаскари дүйсенбі күні Чаһармахал Бахтияри облысында өткен рәсімде: "Дұшпан "қарулы бейбітшілік" орнатқысы келеді. Дұшпанның ИИР-на қарсы психологиялық әрекеттерінің мақсаты – ел халқының бірлігіне соққы беру. Өткен бірнеше жылда дұшпан Иран Телерадио бірлестігінің жұмысына соққы беру үшін өзінің бар күшін қолданды. Бұл жолда Иранның Ислам республикасы жүйесіне қарсы парсы тілінде 290 спутниктік желі ашты. Олар психологиялық әрекеттер арқылы халықты үмітсіздендіруді көздеуде. АҚШ 21 триллион долларға тең қарызымен құлау қарсаңында тұр. Соған қарамастан үмітсіздендіретін әрі кемсітетін үгіт-насихат жүргізуді ақпарат құралдарының ең маңызды бағдарламаларының біріне айналдырған",- деді.