Иранның зымырандық қуатының қауіп төндіруі туралы уәж – Ираннан қорқыту мақсатындағы өтірікті қайталау
Зымырандық қуат – қару-жарақ саласындағы халықаралық міндеттемелердің ешқайсысына қайшы келмейтін стратегиялық қабілеттерге ие әскери саладағы қарапайым әлеует.
Бұл қуат бүгін ИИР айбынының негіздерінің біріне айналған. Иранның тежегіш қуат тұрғысынан аймақтағы қауіпсіздікке нұқсан келтіретін қозғалыстарға қарсы тұрып, кез келген қауіп-қатерге бар күшімен жауап қайтаруға әлеуеті жетеді. Алайда, кейбір Батыс елдерінің бос сөз бен өтірік тарату арқылы Ираннан қорғаныстық қабілеттерін дамытудан бас тартатынын күтуі таң қалдырады.
Осыған байланысты Франция СІМ "Ортақ қадамды" сақтап қалу туралы уәж айтып: "Иран 2025 жылдан кейін Батыс елдерімен өзінің баллистикалық зымырандар бағдарламасы, аймақтық әрекеттері мен ядролық бағдарламасы жайлы тағы сұхбаттасуы қажет",- деді.
Бұл уәждер бір жағынан "Ираннан үркіту" мақсатында және Иранның зымырандық қуаты аймақтық және әлемдік деңгейдегі қауіпсіздікке қатер төндіреді-мыс деп көрсетуге бағытталған. Басқа жағынан зымырандық қуатты қауіп ретінде таныстырудың мақсаты Иранның тежегіш қуатын әлсірету үшін оған қысым көрсету саналады.
Бұл ИИР-ның кейбір елдердің қате тұжырымдамаларынан туындаған және негізсіз алаңдаушылықтарына қатысты өзінің ашық та айқын ұстанымдарын бірнеше рет мәлімдеген жағдайда орын алып отыр.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми жұма күні Франция СІМ Жан-Ив Ле Дрианның сөздеріне реакциясында: "Иранның зымырандық бағдарламасы осы ел тұрғындары мен халқын қорғау мақсатындағы қорғаныстық, жергілікті және заңды бағдарламасы саналады. Бұл ешқашан талқыланбайды",- деп баса айтты.
Бүгінгі таңда Иранның айналасы мен халықаралық деңгейдегі қауіп-қатердің алуан түрлі болуына байланысты қауіпсіздік ұғымының анықтамасының аспектілері кеңейе түсті. Сол себепті, Иран қауіп-қатерлерге сәйкес ғылыми көрсеткіштер және әскери күштердің мамандандырылған қабілеті мен құрал-жабдықтар негізінде өзінің әскери қуаты деңгейін арттырды.
Иран Әскерінің "Хатам ул-Анбия" әуе базасының қолбасшысы бригада генералы Әлиреза Сабахифард: "Иранның әуе шабуылына қарсы қорғаныс өнеркәсібі толығымен тәуелділіктерден айрылып, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің бөлшектерін шығару және кері жобалау деңгейінен әлемдік стандарттарға сай жергілікті құрал-жабдықтар мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін жобалап, шығару деңгейіне жетті.
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи "Ортақ қадам" бағдарламасы мен АҚШ-тың бұл келісімнен шығуы туралы айтқан сөзінде Иранның "Ортақ қадамды" жүзеге асыруды жалғастыру үшін еуропалықтарға қойған бірнеше шартын, атап айтқанда әскери қуат саласындағы екі мәселеге, яғни Иранның зымырандық бағдарламасы және аймақтық ораналасу мәселелеріне араласпауын баяндаған болатын",- деді.
Осыған байланысты Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Еуропа елдерінің мемлекеттік қайраткерлері қазіргі таңға дейін талқыланбайтын мәселелер жөнінде келіссөз өткізуге дәлел, қажеттілік және сенім қалмаған жағдайда "Ортақ қадам" бағдарламасын сақтап қалу үшін қажет әрі жеткілікті кепілдік ұсына алмады",- деді.
АҚШ пен Еуропа Иранның зымырандық қуаты мен аймақтық саясатына қатысты жаңсақ болжамдары бойынша "Ортақ қадам" келісімін Иранмен келіссөзде саудаласу құралына айналдыруды көздеп отыр.