Иранға келетін шетелдік туристердің саны артты
Қыр 03, 2018 09:18 Asia/Almaty
Иран президентінің орынбасары және Мәдени мұра, қолөнер мен туризм ұйымының төрағасы Әли Асғар Мунесан 2018 жылдың наурыз айының жиырма бірі мен шілде айының жиырма екісіне дейін Иранға келген шетелдік туристер санының 38 пайызға артқанын хабарлап:
"2017 жылы Иранға 5 миллион 100 мың шетелдік турист келген. Санкция жағдайында туризм саласы Иран экономикасында жақсы орынға ие болуы мүмкін",- деді.
Мунесанның айтуынша, ИИР туризм бойынша әлемдегі 11 үздік елдің қатарынан орын алады.
Тегтер