Америкалықтар Иранның күш-құдыретін бағалауда үнемі қателікке ұрынып келеді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i38889-Америкалықтар_Иранның_күш_құдыретін_бағалауда_үнемі_қателікке_ұрынып_келеді
Иранның Жоғары соты Амоли Лариджани АҚШ Президенттерінің әрқашан ИИР-ның күш-құдыретін бағалаған кезде үнемі қателескендеріне тоқталып: "ИИР еш уақытта қысымдарға бағынбайды",- деп қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 04, 2018 10:03 Asia/Almaty
  • Америкалықтар Иранның күш-құдыретін бағалауда үнемі қателікке ұрынып келеді

Иранның Жоғары соты Амоли Лариджани АҚШ Президенттерінің әрқашан ИИР-ның күш-құдыретін бағалаған кезде үнемі қателескендеріне тоқталып: "ИИР еш уақытта қысымдарға бағынбайды",- деп қуаттады.

Аятолла Садық Амоли Лариджани дүйсенбі күні сот басшыларының отырысында: "Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында өзінің қисыны, күш-қуаты және әлеммен қарым-қатынас орнатуға деген талпынысын көрсетті. Сондай-ақ, бұл келісімде әлемнің қоғамдық пікірі үшін АҚШ-тың міндеттемелеріне тұрақсыз екендігі дәлелденді",- деді.

Амоли Лариджани АҚШ Президентінің Иранға қарсы уәждеріне сілтеме жасап: "Дональд Трамп "ИИР өзін құтқаруға әрекет жасауда" деген уәж айтты. Трамптың мұндай қиялдары – өзінің  қитұрқы кеңесшілерімен ақылдасуының салдары",- деді.