Иран президенті мұнай-химия саласындағы үш жобаның ашылу рәсіміне қатысты
ИИР президенті Иранның оңтүстігіндегі Бушеһр облысының Ассалуйе қаласында "Марджан" метанол өндіру компаниясы, "Пардис" мұнай өндірісінің үшінші фазасы мен "Дамованд" мұнай-химия зауытының алғашқы фазасынан құралған мұнай-химия саласындағы үш жобаны салтанатты түрде ашты.
"Пардис" компаниясының үшінші фазасын қолданысқа беру арқылы бұл кешен карбамид пен аммиактың жылына 5 миллион 265 мың тонна көлемдегі өндірістік қуатымен осы өнімдердің Таяу Шығыс аймағы мен әлемдегі ең ірі өндірушісіне айналады.
ИИР президенті осы ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде: "Бір күнде үш бірдей ірі мұнай-химия кәсіпорынын қолданысқа беру Иран халқын қиындықтардан аман-есен өтіп, дұшпандардың оларды даму жолында тоқтата алмайтынын дәлелдеп отыр",- деді. Рухани дұшпанның тек үміт үзіліп, әрекет тоқтаған сәтте ғана табысқа жететіндігіне сілтеме жасап: "Дұшпандар халыққа көптеген қиындық таңғанымен олар Иран мен ирандықтарға үстемдік орната алмайды. ИИР-ды ислам революциясына дейінгі кезеңдерге қайтару – болмайтын бос қиял",- деді.