Иранның ядролық технологиясы жоғарырақ деңгейлерде жалғасады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i38919-Иранның_ядролық_технологиясы_жоғарырақ_деңгейлерде_жалғасады
Иранның Атом қуаты ұйымының ақпарат өкілі: "Егер қарсы тарап "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шықса, Иран жоғарырақ деңгейлерде өзінің ядролық жұмыстарын жалғастыратын болады",-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 06, 2018 12:19 Asia/Almaty
  • Иранның ядролық технологиясы жоғарырақ деңгейлерде жалғасады

Иранның Атом қуаты ұйымының ақпарат өкілі: "Егер қарсы тарап "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шықса, Иран жоғарырақ деңгейлерде өзінің ядролық жұмыстарын жалғастыратын болады",-деді.

Бехруз Камалванди сәрсенбі күні кешке Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "ИИР қазір "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қабылдаған кезден әлдеқайда жоғарырақ деңгейде орналасқан",-деді.  

Сейсенбі күні Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясы мүшелерінің қатысуымен Форду ядролық нысанында "Марджа мелли халаа" зертханасын салу жұмыстары басталды.

Камалванди, сондай-ақ, елде 180 изотоптың өндірілгенін, отызының тұрақсыз, қалғанының тұрақты екендігін мәлімдеді.