Иранның ядролық технологиясы жоғарырақ деңгейлерде жалғасады
Иранның Атом қуаты ұйымының ақпарат өкілі: "Егер қарсы тарап "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шықса, Иран жоғарырақ деңгейлерде өзінің ядролық жұмыстарын жалғастыратын болады",-деді.
Бехруз Камалванди сәрсенбі күні кешке Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "ИИР қазір "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын қабылдаған кезден әлдеқайда жоғарырақ деңгейде орналасқан",-деді.
Сейсенбі күні Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясы мүшелерінің қатысуымен Форду ядролық нысанында "Марджа мелли халаа" зертханасын салу жұмыстары басталды.
Камалванди, сондай-ақ, елде 180 изотоптың өндірілгенін, отызының тұрақсыз, қалғанының тұрақты екендігін мәлімдеді.