Қыр 09, 2018 21:53 Asia/Almaty
  • Сардар Вахиди: Ирандық

Иранның қорғаныс өнеркәсібінің мамандары алты жылға жетпейтін уақыт ішінде ресейлік С-300 жүйесімен салыстырғанда дәлдігі жоғары жергілікті "С-300" зымырандық жүйесін жасап шығарды.

IRNА-ның мәліметі бойынша, Иранның Ұлттық қорғаныс Академиясының ректоры Ахмад Вахиди жексенбі күні қорғаныс саласында еңбек ететін жас зерттеушілер мен ғалымдардың отырысында  "С-300" зымыраны мен радарының және ататын құрылғысы мен тасымалдайтын көлігінің елдің ішінде шығарылғанына тоқталып: "Жергілікті зымырандық жүйенің дәлдігі ресейлік эквивалентінен жоғары",- деді.  Ол Ислам республикасының ғылыми өзгерістер қарсаңында тұрғанына тоқталып, ирандық ғалымдар мен зерттеушілерге алғыс айтты.

 

 

Тегтер