Иран – Батыс Азия аймағында медициналық туризмнің орталығы
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шығыс Жерорта теңізі мәселелері жөніндегі директоры Иранның денсаулық сақтау саласындағы шараларына ризалық білдіріп: "Иран аймақта медициналық туризмнің орталығы саналады. Ирандағы емдеу орталықтары, медициналық университеттер, ауруханалар мен емдік қызмет көрсету орталықтары инфекциялық емес ауруларды емдеу саласында денсаулық сақтау және емдеу қызметтерін дамытуға күш салып жатыр",- деді.
Ахмад әл-Манзари Iran Press арнасына берген сұхбатында: "Иранда көз ауруларын емдейтін өте жақсы офтальмологиялық орталықтар мен клиникалар бар. Сол себепті көптеген науқастар осы орталықтарда емделу үшін Иранға келеді",- деді.
Ахмад әл-Манзари АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты санкциялары мен санкциялардың осы елдің денсаулық сақтау және емдеу саласына тигізетін зияны жайлы айтқан сөзінде: "Ирандықтардың бұл қиыншылықтарды жеңіп, оларды шешуге шамасы келеді",- деп баса айтты.