Әлемнің 40-тан астам елінде «хосейндік емшектегі сәбилердің» басқосуы өтеді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i39010-Әлемнің_40_тан_астам_елінде_хосейндік_емшектегі_сәбилердің_басқосуы_өтеді
Хазірет Әли Асқар (ғ.) атындағы халықаралық ассамблеяның хатшысы мұхаррам айының бірінші аптасымен бір мезгілде Иран мен әлемнің 41 елінің 5300 жерінде «хосейндік емшектегі сәбилердің» басқосуы өтетінін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 13, 2018 11:53 Asia/Almaty
  • Әлемнің 40-тан астам елінде «хосейндік емшектегі сәбилердің» басқосуы өтеді

Хазірет Әли Асқар (ғ.) атындағы халықаралық ассамблеяның хатшысы мұхаррам айының бірінші аптасымен бір мезгілде Иран мен әлемнің 41 елінің 5300 жерінде «хосейндік емшектегі сәбилердің» басқосуы өтетінін хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Давуд Монафипур Хазірет Әли Асқар (ғ.) атындағы жаһандық ассамблея доктринасының өткен жылы 8 тілге аударылып, таныстырылғанын айтып: "Биылғы басқосуда да хазірет Әли Асқардың жан-жақты стратегиялық картасының тұсаукесер рәсімі өтеді",-деді.

Монафипур осы басқосуға орай 1 млн-нан астам киімнің тігілгеніне, олардың киімдер Еуропа, Африка және Шығыс Азия елдеріне де жіберілетінін айтты.

Дүниежүзілік «хосейндік емшектегі сәбилер» рәсімі – мұхаррам айында орындалатын діни рәсімдердің бірі. Ашура күні шәһид болған сәбилерді еске алуға арналған бұл рәсімді Иран мен басқа елдердегі мұсылмандар мұхаррам айының алғашқы жұмасында өткізеді.