Иран 2 миллиард доллар көлемінде газ конденсатын экспорттаған
Қыр 13, 2018 17:22 Asia/Almaty
ИИР өткен бес айдың ішінде келісім жасалған елдерге 2 миллиард доллар көлемінде газ конденсатын экспорттаған.
Иран Кедендік басқармасының сыртқы сауда жөніндегі ең соңғы статистикалық мәліметтеріне сәйкес, өткен бес айдың ішінде Иранмен келісім жасаған елдерге жалпы экспорт құны 2 миллиард 169 миллион долларды құрайтын 4 миллион 167 000 тонна газ конденсаты экспортталған.
Осы мерзім ішінде Иран газ конденсатының экспорты Иранның жалпы экспорт көлемінің салмақ бойынша 9 пайызын, құны бойынша 11,23 пайызын құраған.
Тегтер