Бүгін «Тасуа» күні исламдық Иран аза тұтуда
Исламдық Иранның барлық қалалары мен ауылдары имам Хосейннің (ғ.с.) «Тасуа» күні қара жамылып, аза тұтуда.
Бүгін, сәрсенбі, хиджри қамари бойынша 1440-шы жылдың мохаррам айының тоғызы (2018-ші жылдың қыркүйек айының он тоғызы) – имам Хосейннің (ғ.с.) «Тасуа» күні.
«Тасуа» күні имам Хосейн (ғ.с.) мен хазірет отбасының миллиондаған ғашықтары исламдық Иранның түкпір-түкпірінде аза рәсімдерін өткізіп, имамның бауыры хазірет Абу әл-Фазл Аббасты еске алады.
Әлем шиіттерінің төртінші имамы – имам Саджад (ғ.с.) хазірет Абу әл-Фазл Аббас туралы: "Аббас көкем шынайы жанкештілік танытып, бауыры үшін жанын қиюға әзір болды. Дұшпан алдымен оның қолын шауып тастады",- деген болатын.
ИИР Телерадио бірлестігі барша мұсылмандар мен әлемнің басқа да азаттық талап етушілеріне «Тасуа» мен «Ашура» күндеріне байланысты көңіл айтады.