Зариф: АҚШ-тың Иранға қарсы саясаты кері нәтиже береді
Қыр 29, 2018 20:53 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі: "АҚШ Президентінің Иранға қатысты кінәратшыл қатынасы бүкіл аймаққа кері әсерін тигізеді",-деді.
Мұхаммад Джавад Зариф Al-Monitor америкалық ақпарат порталына берген сұхбатында АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы шараларына тоқталып: "АҚШ-тың қазіргі үкіметінің аймақтағы саясаты Иранмен байланысқа шоғырланған. Бұл Ливан, Сирия мен Ирак елдеріндегі сияқты кері нәтиже береді",-деп қуаттады.
Зариф, сондай-ақ, америкалықтардың Иранмен келіссөз өткізу туралы ұсынысына тоқталып: "АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы жаңа бір келісімге жету ықтималының азаюына себеп болды, өйткені ол келісімнің орындалатындығына ешқандай кепілдік жоқ",-деді.
Тегтер