Велаяти: АҚШ пен сионистік режим ислам елдерін талан-таражға салуды көздейді
Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі: "АҚШ пен сионистік режим ислам елдерін бөлшектеп, олардың байлықтарын талан-таражға салуды көздеп отыр",-деді.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әлиакбар Велаяти Теһранда Сирияның мемлекеттік қызметкерлері, ақпарат белсенділері, қазылары мен ұстаздарынан тұратын делегациямен кездесуде: "Сирия халқының әлемдік үстемшілдер мен сионистерге төтеп беріп жатқанына 7 жылдан аса уақыт өтті. Қарсыласу қозғалысы ақиқаттың Сирия халқы жағында екенін көрсетті",-деді.
Велаяти америкалықтардың қарсыласу қозғалысының аймақтағы шараларына ашулы екенін айтып: "ИИР Сирия үкіметінің өтінішімен бұл елге барды. Ал аймақ елдерінің рұқсатынсыз Таяу Шығыста жүрген АҚШ бұл өңірден кетуі керек",-деді.