Ғасеми Бахрейн мен БАӘ СІМ-лерінің жалған уәждеріне жауап қайтарды
(last modified Mon, 01 Oct 2018 10:39:44 GMT )
Қаз 01, 2018 16:39 Asia/Almaty
  • Ғасеми Бахрейн мен БАӘ СІМ-лерінің жалған уәждеріне жауап қайтарды

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрейн мен БАӘ Сыртқы істер министрлерінің Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясында Иранға қарсы айтқан қайталама уәждеріне жауап беріп, жалған, түкке тұрғысыз және олардың қиялдарынан туындаған деп атап: "Басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласу ешқашан Иранның саясаты болмаған да және болмайды",- деп баса айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауынша, Бахрам Ғасеми: "ИИР әрдайым өзара құрметке негізделген жақсы көршілестік саясатын сыртқы саясатының негізі санайды. Бахрейн, БАӘ мен Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлерінің Иранға қарсы саясаттары және әдістерімен үндестігі мен сионистік режимнің соғысқұмарлығымен бағыттастығы бұл режимнің қылмыстары мен келіспеушілік тудыру әрекеттерінің бір бөлігінің заңдылық тауып, бұл режимнің заңсыз деп танылуына себеп болады",- деді.

Тегтер