Иран экономикалық соғыста америкалықтардың қастандықтарын сәтсіздікке ұшыратады
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Шамхани: "Шәксіз, Иран экономикалық соғыста америкалықтардың қастандықтарын сәтсіздікке ұшыратады",- деді
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Әли Шамхани сейсенбі күні: "АҚШ Президенті Дональд Трамп өзінің саяси мақсаттарына жету үшін «экономикалық соғыс» деген атпен Иранға шығын келтіруді мақсат етіп, пихологиялық соғыс жүргізіп, санкция салып жатыр",- деді.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы экономикалық соғыста америкалықтардың науқас адамдарды, әуе жолаушыларын, энергетика саласы мен бүкіл халықты нысанаға алғанына тоқталып: "Олар Иранның экономикасын, қауіпсіздігі мен аймақтағы орнына соққы бермек. Бірақ, Иран қоқан-лоққыларға жауап қайтарады",- деп баса айтты.
Шамхани бағындыру, Иранның қатынасы мен жүйесін өзгертуді АҚШ Президентінің Иранға қарсы әрекеттерінің стратегиялық үш мақсаты деп атап: "Трамп өткен 17 айдағы шектен шыққан сөздерінде үнемі Иранды нысанаға алды",- деп қуаттады.