Генерал Джафари: Қарсыласу қозғалысы Сирия мен Ирактағы соғыстардан кейін күшейе түсті
(last modified Fri, 12 Oct 2018 09:56:28 GMT )
Қаз 12, 2018 15:56 Asia/Almaty

Ислам революциясы Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: «Қарсыласу қозғалысы Сирия мен Ирактағы соғыстардан кейін күшейе түсті. Бұл қозғалыс жайлы алаңдаудың еш қажеті жоқ»,-деді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, генерал Мұхаммед Әли Джафари Al-Masirah телеарнасына берген сұхбатында: «Егер АҚШ Президенті Дональд Трамп өзі билік басына келгеннен бастап Иран әлсірей түсті деп ойласа, қателеседі.

Трамптың айтуы бойынша, ол билік басына келгенге дейін Иран 12 минуттың ішінде өзін дұшпандардан қорғай алатын болса, қазір бұл уақыт азайған.

Егер Иранның қауіпсіздігіне қатер төнсе, шекараның арғы бетіне жауап беру үшін бір сәт те кідірмейміз»,-деді.

Тегтер