Иран Трамптың ойына қайшы бұрынғысынша мықты да айбынды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i39384-Иран_Трамптың_ойына_қайшы_бұрынғысынша_мықты_да_айбынды
Ислам Революциясы Сақшылар корпусының Бас қолбасшысы генерал-майор Мохаммад Али Джафари «Егер Америка Президенті Дональд Трамп өзі билік басына келгеннен бері Иран әлсіреді деп ойласа, қателеседі.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 13, 2018 14:47 Asia/Almaty
  • Иран Трамптың ойына қайшы бұрынғысынша мықты да айбынды

Ислам Революциясы Сақшылар корпусының Бас қолбасшысы генерал-майор Мохаммад Али Джафари «Егер Америка Президенті Дональд Трамп өзі билік басына келгеннен бері Иран әлсіреді деп ойласа, қателеседі.

Егер Трамп айтқандай, Иран оның билік басына келуінен бұрын дұшпандардан 12 минуттың ішінде қорғана алатын болса, қазір бұл уақыт азайған" деді.

Трамп Ақ Үйге енуімен Америкадағы әртүрлі үкіметтердің Иранға қарсы қатынастарын жалғастырды. Бірақ, оның қатынасында бір айырмашылық бар. Ол ИИР-ның күш-қуаты мен болмысына қатысты.

Трамп кез келген мінберді пайдаланып, Иранға қатысты өзінің саясатын табысты деп жарнамалап келеді.

Оның Иранға қатысты Твиттердегі жазбалары мен ұстанымдары ирандық болмыс пен ИИР жүйесінен хабарсыздығын көрсетеді. Жуырдағы осындай ұстанымдарының бірінде Трамп БҰҰ-ғы Американың өкілі Никки Хейлидің отставкасын қабылдауына байланысты өткен хабар брифингінде: «Иран қатты өзгерді. Бұл ел бір күні келіссөзге келеді» деген уәж айтты.  

Трамп «Иранның мойынсұнуы», «Иранның қатынасы мен жүйесін өзгерту» деген ойларды өзінің ой елегінен өткізіп жүр. Осы аяда алдымен «Ортақ қадам» келісімінен шықты. Кейін Сауд және сионистік режимдермен серіктесіп, Иранға қарсы коалиция құруға күш салуға көшті.  

Ираннан қорқытып, үркіту Америка үкіметтерінің әдеттері болғанымен, Трамп үкіметінде бұл қатынас Иранды «аймақтағы дағдарыс тудырушы ел» деп көрсетуде өзінің шегіне жетті.

Трамп үкіметінің Иранға қарсы психологиялық және экономикалық соғыстарының тасасында жалпы бір мақсат көзделген. Ол – «ИИР-ның мойынсұнуы» деген Трамптың өңінде ешқашан жүзеге аспайтын түсі.  

Осы салада Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары кеңесінің хатшысы Али Шамхани былай деді: «Иран Американы Ислам революциясының жеңісі мен Саддамның жеңілісі және революцияның 40 жылдық ғұмыры барысында тізе бүктірді. Американы ең пасық адамдар билеп отырғандықтан Иранның бүгінгі буыны пасық америкалықтардың буынын жеңу арқылы өздерін құдіретті билікке айналдыратын мүмкіндікке ие. Бұл – жүзеге асатын іс» деді.   

Иран революцияның жеңісінен кейін әрдайым қастандықтардың нысанасына алынды. Бүгін әртүрлі, соның ішінде қорғаныс пен саяси салаларда және аймақтық теңгерімдердегі құзырымен ықпалды да шешуші рөлге ие.

Американың барлық дұшпандығына қарамастан Иранның айбыны бұрынғымен салыстырғанда күн сайын артып, күшейіп келеді. Иран мүддесін қамтамасыз ету үшін өзінің барлық әлеуеті мен мүмкіндігін пайдалануда.

Ислам революциясының тұрақтылығы "қарсыласу" мен "табандылық" деген екі негізгі принципке қарыздар. Бұлар революцияның қырық жылдық ғұмырында баршаға белгілі болды.

Американың бұрынғы Мемлекттік хатшысының орынбасары Венди Шерман Дональд Трамптың Иранға қарсы саясаттарын сынап: «Трамп Иранның қарсыласу мәдениетіне ие екенін және қоқан-лоққыларға мойынсұнбайтынын білмейді» деген болатын.

Иран аймақта өзінің мүдделеріне сәйкес әрекет етіп, аймақтағы саясаттарын басқалардың, соның ішінде Американың қазіргі үкіметі таңатын талап-тілектерінен тыс ілгерілетеді.  

Трамптың қиялына қайшы бүгінде Американың әлемдегі күш-қуатының төмендегені – айқын да анық нәрсе. БҰҰ Бас ассамблеясының жылдық отырысында Трамп баяндама жасаған кезде басқа елдердің басшыларының күлуі Американың қорлыққа ұшырауы мен оқшаулығының шыңын көрсетті.