Джахангири: АҚШ-тың Иранның мұнай экспортын төмендетуге шамасы жетпейді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i39406-Джахангири_АҚШ_тың_Иранның_мұнай_экспортын_төмендетуге_шамасы_жетпейді
ИИР Вице-Президенті АҚШ-тың Иранның мұнай экспортын төмендетуге шамасы жетпейтінін қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 14, 2018 14:27 Asia/Almaty
  • Джахангири: АҚШ-тың Иранның мұнай экспортын төмендетуге шамасы жетпейді

ИИР Вице-Президенті АҚШ-тың Иранның мұнай экспортын төмендетуге шамасы жетпейтінін қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, Исхақ Джаһангири кейбір елдердің Иранға қарсы заңсыз санкция салуда АҚШ үкіметіне жақтасуға тырысып жатқанына тоқталып: "Иран мұнайын сатып алатын дәстүрлі серіктестермен мұнай экспорттаудың жаңа жолдарын қалыптастыруға қатысты келіссөздер жүргізілді.

Әлемдік нарықтағы мұнай бағасы 80 доллардан асты. Мұнай экспорты азайғанына қарамастан Иранның мұнайдан түсетін табысы артты",-деді.  

Иран Сауда палатасының энергетика және қоршаған орта комиссиясының басшысы Реза Падидардың айтуы бойынша, соңғы айларда Иранның мұнай экспорты көлемінің азайғанына қарамастан шикі мұнайдан түсетін табыс 17 пайызға артқан.