Қаз 14, 2018 23:26 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі дамыған исламдық-ирандық негіздердің үлгілерін нығайтуға шақырды

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи дамыған исламдық-ирандық негіздердің үлгілерін толықтырып, дамытуға шақырды.

Алдағы 50 жылға Иранның маңызды негіздері мен мақсаттары және оларға жету жолдары анықталған ирандық-исламдық дамыған үлгі дайындалған соң Ислам революциясының жетекшісі  аятолла Хаменеи жоғары оқу орындарының ұстаздары мен ғылыми орталықтардың зерттеушілерін, елдің білімді азаматтары мен  аналитиктерін дайындалған құжатты әртүрлі тұрғыдан зерттеп, оған өзгеріс енгізу немесе толықтыру туралы ұсыныстар жасауға шақырып: "Алланың көмегі,  университеттер мен діни  оқу орындарының  бірнеше мың ұстазы және аналитиктер мен білімді жастардың жеті жылдық талпыныстарынан кейін Ислам революциясы жеңісінің 40-шы жылдығында бұл жоба нәтижеге жетті. Алдағы 50 жылдағы елдің песрпективаларын анықтаған аталмыш жобаның арқасында Иран алға ілгерілеп, халықтың тұрмысында жаңа исламдық өркениеттің негіздерін қалыптастырады",- деді.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тегтер