АҚШ-тың айыптауының артуы – Иран халқының ерік-жігері алдында жеңіліс тапқаны
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i39417-АҚШ_тың_айыптауының_артуы_Иран_халқының_ерік_жігері_алдында_жеңіліс_тапқаны
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми жексенбі күні: "АҚШ басшыларының, әсіресе, осы елдің Президенті мен Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің қайталамалы жалған айыптаулары мен бос сөздерінің артуы олардың Иран үкіметінің шаралары мен халқының ерік-жігері алдында үсті-үстіне жеңіліс тапқанын көрсетеді",-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 15, 2018 12:42 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың айыптауының артуы – Иран халқының ерік-жігері алдында жеңіліс тапқаны

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Ғасеми жексенбі күні: "АҚШ басшыларының, әсіресе, осы елдің Президенті мен Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің қайталамалы жалған айыптаулары мен бос сөздерінің артуы олардың Иран үкіметінің шаралары мен халқының ерік-жігері алдында үсті-үстіне жеңіліс тапқанын көрсетеді",-деді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бахрам Ғасеми: "Әлем халықтарының БҰҰ Бас ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесінің жуырдағы отырыстарында көрген АҚШ-тың біржақты саясаттарының оқшау әрі жалғыз қалғаны болды. Әлем халықтарының көкейіне қонған нәрсенің АҚШ Президенті мен оның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің әдеттегі лепірме сөздерімен ешқандай сәйкестігі жоқ» деді.  

Трамп пен Болтонның сөздері және Вашингтон жариялаған "АҚШ-тың лаңкестікпен күресуге бағытталған стратегиясының" мазмұнынан аймақтағы кейбір режимдердің лоббиі мен соғысқұмарлардың ықпалын байқауға болады. Бұл елдердің аттары тарихта әрдайым лаңкестік пен экстремизмнің синонимі ретінде аталатын болады. Олар бұрынғыдай аймақта танылған лаңкестік топтардың идеология, қару-жарақ пен қаржы  тұрғысынан ең маңызды көздері болып отыр",-деп қуаттады.