Иран күріші Канадаға экспортталды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i39652-Иран_күріші_Канадаға_экспортталды
Иран Ислам революциясының жеңісінен кейін 74 тонна күрішті бірінші рет Канадаға экспорттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 29, 2018 22:24 Asia/Almaty
  • Иран күріші Канадаға экспортталды

Иран Ислам революциясының жеңісінен кейін 74 тонна күрішті бірінші рет Канадаға экспорттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның солтүстігіндегі Мазандеран облысының Ауыл шаруашылығы джиһады ұйымының коммерциялық директоры Сүлейман Хатамнежад дүйсенбі күні осы көлемдегі күріштің үш партия қалыбында жеке сектор тарапынан Канадаға экспортталғанын хабарлады. Иранның Ауыл шаруашылығы джиһады министрлігінің мәліметі бойынша, Мазандеранда өндірілетін күріштің 80 пайызға жуығы сапа мен сан жағынан үздік өнім саналады.