Мұнай тұтынушыларын алда ауыр күндер күтіп тұр
Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане АҚШ-тың әлемдік мұнай тұтынушыларын Иран мұнайын сатып алуға тыйым салатын санкциялардан босату көрсеткішінің нарық сұранысына сай келмейтінін, алдағы айлардың мұнай тұтынушылары үшін ауыр болатынын айтты.
Бижан Намдар Зангане сейсенбі күні SHANA ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "АҚШ президенті Дональд Трамп пен аймақтық бірқатар мұнай өндірушінің өздерін мадақтағанына қарамастан, ақырында АҚШ үкіметі әлемдік нарықта мұнай тапшылығына ұшырағаны мен Иранды бұл нарықтан шығарудың мүмкін еместігін мойындады.
АҚШ үкіметі Конгрестің кезеңаралық сайлауын сылтауратып, мұнай мен жанар май бағасын жасанды түрде төмендеткенімен алдағы айларда бұл баға көрсеткіштері жоғарылайды",- деді.