Ғасеми: Иран халқы зорлық пен әлімжеттікті жеңеді
(last modified Sun, 11 Nov 2018 09:04:36 GMT )
Қар 11, 2018 15:04 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Иран халқы зорлық пен әлімжеттікті жеңеді

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Иран халқының кез келген зорлық пен әлімжеттікті жеңетінін және тарихтың ирандықтардың осы мәдениеті мен қатынасына куә екенін айтты.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми америкалықтардың ирандықтарға тиісіп, кедергі тудыруға бар күшін салып жатқанын айтып: «АҚШ алдау-арбау мен аярлық арқылы Иран халқының бірлігі мен біртұтастығын әлсіретеміз деп ойлайды, бірақ ирандықтар АҚШ-ты басқыншы ел ретінде таниды»,-деді.

Ғасеми, сондай-ақ, Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманның әлемнің Иран мен Түркиядан төнген қатер деген мәселеге көңіл аударуы қажеттігі жайлы айтқан сөздеріне тоқталып: «Саудиялықтар қателеседі, олар көп ұзамай өкінетін болады»,-деді.

Ғасеми сионистік режимнің ислам әлемін қиындыққа ұшыратуға бағытталған арнайы саясатқа ие екенін айтып, Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың араб елдеріне сапарын араб және ислам елдері арасында жік тудыру үшін жасап жатқан талпынысы деп атады.

 

Тегтер