Исфаһан Университетінде Оңтүстік Кореяның кабинеті ашылды
Теһран мен Сеул арасындағы ғылыми ынтымақтастықтарды дамыту мақсатында жексенбі күні Исфаһан Университетінде Оңтүстік Кореяның кабинеті ашылды.
Ирандағы Оңтүстік Кореяның елшісі Yu Jang Hyun кабинеттің ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде Исфаһан Университетінде өз елі кабинетінің ашылуын маңызды іс деп атап, оның Иран мен Оңтүстік Кореяның білім саласының мамандары, ұстаздары мен студенттері арасындағы мәдени-ғылыми қарым-қатынастардың артуына себеп болатындығына үміт білдірді.
Исфаһан Университеті шамамен 15000 студенті және ғылыми кеңесінің 660 мүшесімен Иранның үздік университеттерінің бірі саналады.