Иран обыр ауруын емдеу үшін қолданылатын радиоактивті йодты қажет мөлшерде өндіреді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i39907-Иран_обыр_ауруын_емдеу_үшін_қолданылатын_радиоактивті_йодты_қажет_мөлшерде_өндіреді
Иранның Шәһид Бехешти атындағы Университетінің Медицина факультетінің ғылыми кеңесінің мүшесі Шаһрам Аламдари Иранның обыр ауруын емдеу үшін қолданылатын радиоактивті йодпен өзін толық қамтамасыз ететін деңгейге жеткенін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 15, 2018 07:15 Asia/Almaty
  • Иран обыр ауруын емдеу үшін қолданылатын радиоактивті йодты қажет мөлшерде өндіреді

Иранның Шәһид Бехешти атындағы Университетінің Медицина факультетінің ғылыми кеңесінің мүшесі Шаһрам Аламдари Иранның обыр ауруын емдеу үшін қолданылатын радиоактивті йодпен өзін толық қамтамасыз ететін деңгейге жеткенін хабарлады.

Аламдари сөзін жалғап: «Иранның Атом қуаты ұйымы радиоактивті йод өндірісімен айналысады. Бұл – Ислам республикасының бейбіт мақсатты көздейтін ядролық мәселесінің мақтан тұтарлық тақырыптарының бірі. Радиоактивті йод – жемсау обырын емдейтін негізгі элемент. Құдайға шүкір, Иранда онымен қамтамасыз ету үшін қиындық жоқ»,- деді. Ол сондай-ақ, Иранның диабетке шалдыққан науқастарды дәрімен қамтамасыз ету қиындығының жоқ екенін, Иранның Денсаулық министрлігінің бұл салада қажет жұмыстарды алдын-ала болжап, іске асырғанын айтты.

ИИР медицина мен фармацевтика салаларында дамыған елдердің бірі саналады.