Иран мен Қазақстан бір жылға виза беруге келісті
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i39950-Иран_мен_Қазақстан_бір_жылға_виза_беруге_келісті
Иран мен Қазақстан қазақстандық тасымал компанияларының жүргізушілеріне бір жылға виза беруге келісті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 17, 2018 19:35 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан бір жылға виза беруге келісті

Иран мен Қазақстан қазақстандық тасымал компанияларының жүргізушілеріне бір жылға виза беруге келісті.

Қазақстан СІМ-нің консулдық істер жөніндегі департаментінің директоры Таубалды Үмбетбаев пен ИИР СІМ-нің консулдық қызметтер бөлімінің директоры Әли Асқар Мұхаммади қазақстандық тасымал компанияларының жүргізушілеріне бір жылға виза беруге келісті.

Сондай-ақ, тараптар Иран мен Қазақстанның консулдық қызметтер саласында әріптестіктерін кеңейту туралы сұхбаттасты.

Қазақстан делегациясының Иран делегациясымен кездесуінде тараптар виза беру, екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау секілді мәселелерді талқылады.

Қазақстанның Ішкі және Сыртқы істер министрліктері өкілдерінен тұратын делегация Иран мен Қазақстан арасындағы 8-ші консулдық кеңеске қатысу үшін Иранға келді.