Иран Кабулдағы лаңкестік әрекетті айыптады
(last modified Wed, 21 Nov 2018 10:12:38 GMT )
Қар 21, 2018 16:12 Asia/Almaty
  • Иран Кабулдағы лаңкестік әрекетті айыптады

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сейсенбі күні кешке Ауғанстанның ондаған халқы, ғұламалары мен діни адамдарының қаза болып, жаралануына себеп болған Кабулдағы лаңкестік шабуылды айыптауымен бірге Ауғанстан халқы мен үкіметіне және құрбандардың отбасыларына көңіл айтты.

 

ИРНА-ның мәліметі бойынша Бахрам Ғасеми лаңкестік әрекеттің Исламның ұлық пайғамбарының туған күнінің жылдығы тойланып жатқан күндері іске асырылуына тоқталып: "Бұл лаңкестік әрекеттің жасырын демеушілерінің ұлтаралық және мазхабаралық қайшылық тудырудан басқа мақсаты болмады",- деді.

Сейсенбі күні Кабулда Исламның ұлық пайғамбарының туған күніне арналған рәсімдегі жарылыста кемінде 60 адам қаза болып, 80 адам жараланды.   

 

                                                                                                                                                                                                                 

 

 

Тегтер