Азаттық талап етуші майдан әлемде Иранның басқаруымен құрылды
(last modified Thu, 22 Nov 2018 09:55:56 GMT )
Қар 22, 2018 15:55 Asia/Almaty
  •  Азаттық талап етуші майдан әлемде Иранның басқаруымен құрылды

Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясының бас хатшысы аятолла Араки дұшпандардың ИИР-ның дамуынан сескенетінін айтты.

Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясының бас хатшысы аятолла Мохсен Араки сәрсенбі күні кешке Иранның "Хабар" телеарнасының "Кешкі айдар" атты бағдарламасында "Ислам бірлігі" халықаралық конференциясының ислам үмбетін біріктірудегі рөлі тақырыбында сөйлеген сөзінде Иранда халыққа сөзі өтімді көрнекті тұлғалардың болуын АҚШ коалициясының Ираннан жеңілуінің белгісі деп атады.

Аятолла Араки дұшпандардың ИИР-ның дамуынан сескенетінін айтып, "Ислам бірлігі" халықаралық конференциясы мақсаттарының бірін ислам елдерінің бір-біріне тілеулес екенін жариялау деп атады.

Аятолла Араки, сондай-ақ, "Ислам бірлігі" 32-ші халықаралық конференцияға әртүрлі елдерден 300 көрнекті тұлғаның қатысатынын, бірлік қалыптастыратын диалог белгілерінің пайда бола бастағанын баса айтты.

"Ислам бірлігі" атты 32-ші халықаралық конференция «Бірлік аптасымен» бір мезгілде 24-26 қараша күндері Теһранда "Құдс – ислам үмбетінің өзегі" тақырыбында өтеді.

 

Тегтер