Бірлік, ынтымақтастық пен пікірлестік – ислам әлеміндегі қастандықтарды жеңудің жалғыз жолы
(last modified Mon, 26 Nov 2018 11:24:14 GMT )
Қар 26, 2018 17:24 Asia/Almaty
  • Бірлік, ынтымақтастық пен пікірлестік – ислам әлеміндегі қастандықтарды жеңудің жалғыз жолы

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жексенбі күні жүйе басшылары, "Ислам бірлігі" атты 32-ші конференцияға қатысушы қонақтар, мұсылман мемлекеттерінің елшілері мен халықтың түрлі топ өкілдерімен кездесуінде бірлік пен пікірлестік және бірауыздылықты ислам әлеміне жасалып жатқан қастандықтарды жеңудегі жалғыз жол деп атады.

Хазірет аятолла Хаменеи алпауыт мемлекеттердің мұсылман халықтарының оянуынан қатты қорқатындығына сілтеме жасап: "Халықтың жүрегі мен жанын ислам діні баурап алған кез келген жерде үстемшілдік таяқ жеді. Енді бұл аймақта да исламдық оянудан соққыға ұшырайды",- деді.

Аймақтық өзгерістер мен соңғы жылдардағы ДАИШ-тың тәкфирлік-сионистік әрекеттерінің артындағы жасырын қозғалыстар америкалықтардың аймақта құрған қастандығының тек Сирия мен Иракқа қарсы бағытталмағанын, сондай-ақ АҚШ пен оның жалдамалыларының ислам әлеміне толық үстемдік орнату мақсатында жоспарлаған үлкен қастандықтарының басы екенін көрсетті.

Бұл қастандықта кейбір үстемшіл билеушілердің құралға айналып, олардың мұнайдан түскен долларларының АҚШ пен сионизмге қызмет етіп жатқаны күмәнсіз.

Хазірет ислам діні мен Құранға бағынудың орнына АҚШ-қа бағынып отырған кейбір аймақ елдерінің бар екендігін айтып: "АҚШ өзінің үстемшіл болмысы негізінде бұл елдерді кемсітіп, қорлап отыр. АҚШ президенті Сауд Арабиясының билеушісін сауын сиырға теңегенін естідіңіздер",- деді.

Трамп сайлауалды кезеңде айтқан сөзінде Сауд Арабиясының халқын ашық түрде кемсітіп, Сауд Арабиясының АҚШ-тың сыртқы саясатындағы орнын маңызды емес деп, Сауд әулетін доллар мен алтын бере алмаған кезде оны бауыздауға бұйрық беріп немесе басқалардан оны бауыздауды сұрайтын "сауын сиыр" деп атаған болатын.

Ислам революциясының жетекшісі осындай қорлау мен кемсітушілікті Сауд Арабиясы халқы мен аймақтың мұсылман халықтарына тіл тигізу деп атап: "Кейбір мұсылман билеушілері Палестина мен Йемендегі қылмыстық әрекеттерде АҚШ-пен бағыттас болды. Бірақ, Палестина мен Йемен халықтарының міндетті түрде жеңіске жетіп, АҚШ пен одақтастарының жеңіліске ұшырайтыны шәксіз.

Сионистік режим бірнеше жыл бұрын Ливанның Хезболла партиясынан 33 күннен кейін жеңіліс тауып, екі жылдан соң палестиналықтармен қарсыласуда тек 22 күнге шыдап, одан кейінгі Газа соғысындағы қарсыласу мерзімі 8 күнге қысқарып, бір апта бұрын Палестинаның қарсыласу қозғалысына қарсы екі күннен кейін жеңіліске ұшырады. Бұл жайттардың барлығы сионистік режимнің күннен күнге әлсіреп бара жатқанын көрсетіп отыр",- деді.

Бұл үдерістер осы шабуылдарға қарсы қарсыласудың аймақтық теңгерімдердегі екі маңызды өзгеріске себеп болғанын көрсетті: алғашқы өзгеріс аймақтағы Израильге деген қорқыныштың бәсеңдеп, жойылуы; екінші өзгеріске палестиналық жастардың басқыншылыққа қарсы күрес сахнасына ауқымды түрде келуі жатады.

Бұл өзгерістер АҚШ пен Израиль үшін қорқынышты түске айналды. Сол себепті АҚШ-тың аймақтағы стратегиясы үш негізгі мәселеге, атап айтқанда, аймақ елдері арасында қайшылық пен келіспеушілік тудыру, мұсылман елдеріне саяси, экономикалық және мәдени тұрғыдан ықпал ету және мұсылмандар арасында қайшылық қалыптастыру саясаттарына негізделіп отыр.

Сондықтан революция жетекшісі зияткерлер мен діни үлемдерге берген кеңесінде: «Қолдарыңыздан келгенше аймақтағы исламдық ояну мен қарсыласу қозғалысын күшейтіңіздер. Себебі, аймақты құтқарудың жалғыз жолы осы ой мен рухты кеңінен таратумен байланысты»,- деді.