Қар 27, 2018 17:46 Asia/Almaty
  • «Ислам бірлігі» атты 32-ші халықаралық конференцияның қорытынды мәлімдемесі

«Құдс – ислам үмбеті бірлігінің өзегі"» деген тақырыпта өткен "Ислам бірлігі" атты 32-ші халықаралық конференция дүйсенбі күні қорытынды мәлімдемесін жариялап, жұмысын аяқтады.

 

Иран Телерадио бірлестігінің мәліметі бойынша, "Ислам бірлігі" атты 32-ші халықаралық конференцияға қатысушылар қортынды мәлімдемесінде Палестина армандарының ислам үмбетінің негізгі тақырыбы, заңсыз сионистік режимнің ислам әлемінің бірінші дұшпаны екені, сондықтан бүкіл талпынысты осы режиммен қарсыласуға жұмылдыруға міндетті болу қуатталды. Сондай-ақ, конференцияға қатысқан ғұламалар АҚШ-тың «Ғасыр мәмілесі» жобасына, сионистік режимнің қалашықтар құрылысына, палестиналықтардың өз жерлеріне оралуға тыйым салуға, Құдсты еврейлендіру мен Израиль режимінің астанасын Құдсқа ауыстыруға қарсылығын жариялады.

«Ислам бірлігі" атты 32-ші халықаралық конференцияға қатысушылар АҚШ үкіметінің өз елшілігін Тель-Авивтен қасиетті Құдсқа ауыстыру әрекетін айыптап, бұл әрекеттке реакция білдіріп, Құдсты бейбітшілік және әртүрлі діндер мен өркениеттер қаласы ретінде сақтап қалуды қуаттады. Конференцияға қатысушылар сионистік режиммен саяси, сауда, мәдени және спорт байланыстарын жасауға қарсылықтарын жариялады.   

 

 

Тегтер