Иранның мәдениет саласының қайраткерлері БҰҰ-ның кеңсесінің алдында жиналды
Иранның мәдениет саласының бір топ қайраткері Йеменнің мазлұм халқына қолдау көрсету мақсатында сейсенбі күні Теһрандағы БҰҰ-ның кеңесінің алдында жиналды.
Иранның мәдениет саласының қайраткерлері қолдарына АҚШ пен Сауд әулеті режиміне қарсы мазмұндағы плакаттар ұстап, Йеменнің мазлұм халқына қолдау көрсетіп, сионистік режим, АҚШ пен Сауд әулетінің қылмыстарын айыптап, ұрандар айтты. Олар осы ұрандары арқылы Йеменнің мазлұм халқына жасалып жатқан зұлымдық пен езгіге БҰҰ-ның көңіл аударуын сұрады. БҰҰ өз есебінде Йемендегі соғысты соңғы жылдардағы әлемдегі ең ауыр адами апат деп атады. Адам құқықтары жөніндегі органдар қазірге дейін бұл соғыстың мыңдаған йемендіктің өмірін қиғанын мойындады.
Қазір 29 миллион Йемен халқының үштен бір бөлігінен астамы ашаршылықта өмір сүріп жатыр.