Машһадта Metropolis қауымдастығының семинары басталды
(last modified Tue, 27 Nov 2018 14:54:48 GMT )
Қар 27, 2018 20:54 Asia/Almaty
  • Машһадта Metropolis қауымдастығының семинары басталды

Бүгін Иранның солтүстік-шығысындағы Машһад қаласында Metropolis деп аталатын әлемдегі ірі қалалардың халықаралық қауымдастығының 12-ші семинары басталды.

Әлемдік ірі қалалардың халықаралық қауымдастығының он екінші семинарына Иран, Түркия, Ливан, Ирак, Германия, Пәкістан, Ауғанстан, Тәжікстан, Палестина мен Оңтүстік Африка елдерінің әкімшіліктеріндегі жоғары лауазымды басшылар мен өкілдерінен құралған0 адам қатысып отыр.

Бүгін Машһадта жұмысын бастаған Metropolis деп аталатын әлемдегі ірі қалалардың халықаралық қауымдастығының 12-ші семинары жұма күні аяқталады.

137 мүшеден құралған Metropolis деген әлемдегі ірі қалалардың халықаралық қауымдастығы Париж қаласы әкімшілігінің бастамасымен ірі қалалардағы қиындықтар үшін шешім жолдарын ұсыну мақсатында 1984 жылы құрылған болатын.

 

 

Тегтер