Адмирал Ханзади: Иранның Теңіз күштері санкциялардан абыроймен өтті
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i40177-Адмирал_Ханзади_Иранның_Теңіз_күштері_санкциялардан_абыроймен_өтті
Иран армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Ханзади Ислам революциясы жеңіске жеткен кезден бастап елге әрдайым санкция салынғанын, Иран Теңіз күштерінің санкциялардан абыроймен өткенін айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 02, 2018 10:54 Asia/Almaty

Иран армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Ханзади Ислам революциясы жеңіске жеткен кезден бастап елге әрдайым санкция салынғанын, Иран Теңіз күштерінің санкциялардан абыроймен өткенін айтты.

Адмирал Хосейн Ханзади сенбі күні кешке Иранның 1-ші телеарнасына берген сұхбатында Иран үшін «Саһанд» эсминецінің компьютерлік бағдарламаларын жасаудың оңай іске айналғанын, қазір Иранда жасалатын құралдардың сапасының әлемнің үздік елдері шығаратын жабдықтардың сапасымен тең екендігін айтты.

Адмирал Ханзади Иранға қарсы салынған санкцияларға қарамастан, отандық мамандардың арқасында әскери жетістіктер мен қару-жарақ саласындағы жетістіктерге қол жеткізілгенін айтты.

Иран армиясы Теңіз күштерінің қолбасшысы Иранның америкалық кемелерге қатысты іс-шараларының күшейтіле түскенін айтып: «Алдағы айларда бақылау арта түседі. Егер америкалықтар аймаққа келсе, мұны көреді»,-деді.