Теһранда Каспий теңізіндегі кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету протоколының төртінші отырысы басталды
(last modified Mon, 10 Dec 2018 13:04:41 GMT )
Жел 10, 2018 19:04 Asia/Almaty
  • Теһранда Каспий теңізіндегі кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету протоколының төртінші отырысы басталды

Теһранда Каспий теңізіндегі кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастықты талдауға арналған төртінші отырыс Иран, Әзірбайжан, Қазақстан, Ресей және Түркіменстан делегацияларының қатысуымен басталды.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, екі күндік отырыста Каспий теңізіндегі теңіз флотының қауіпсіздігі, әскери-теңіз амалдары мен кемелерді бақылау және тексеруге қатысты құқықтық әлеуеттерді пайдалануды қамтитын кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланады.

Каспий теңізіндегі кеме қатынасының қауіпсіздігін қорғап, арттыру және әлемдегі ең ірі көл Каспий теңізінің экологиясын қорғау аса маңызды. Аймақ елдерінің шынайы ерік-жігері мен жақын әріптестігі және бірыңғай ережелерді жүзеге асырудағы өзара түсіністігі арқылы ғана осы мақсатқа қол жеткізуге болады.

 

 

 

Тегтер