Иран Йемен бейбіт келіссөздерінің алғашқы нәтижелерін қолдады
(last modified Sat, 15 Dec 2018 09:04:27 GMT )
Жел 15, 2018 15:04 Asia/Almaty
  • Иран Йемен бейбіт келіссөздерінің  алғашқы нәтижелерін қолдады

Иран Сыртқы істер министрінің баспасөз хатшысы Швецияның Стокгольм қаласында өткен Йеменнің бейбіт келіссөздерінің алғашқы нәтижелерін оң әрі үміттендірерлік деп бағалады.

Бахрам Ғасеми бейсенбі күні кешке Йеменнің әл-Ходейда қаласы туралы келісімді маңызды деп бағалап: «Бұл келісім йемендік топтардың келіссөздерге қатысу қажеттігін және Йеменнің зорлық-зомбылық көрген өкінішті жағдайын түсінгенін көрсетеді. Олар өз тобының мүддесінен гөрі гуманитарлық көмек көрсетуді дұрыс санады. Йеменнің әл-Ходейда және басқа порттары мен әуежайлары, соның ішінде Сана әуежайы Йемен халқының қиындықтарын азайту үшін гуманитарлық көмектерді қабылдауға дайындалады»,- деді.

Желтоқсанның алтысы күні йемендік топтардың қатысуымен Стокгольмде басталған Йемен бейбітшілігі келіссөздерінің төртінші кезеңі бейсенбі күні аяқталды.

Йемен дағдарысын шешуге қатысты саяси келіссөздер сан рет Сауд Арабиясы мен одақтастарының қастандықтарымен бетпе-бет келді.

Сауд Арабиясы АҚШ, Біріккен Араб Әмірлігі  және басқа бірнеше мемлекеттің қолдауымен 2015-ші жылдың наурыз айынан бері Йеменге шабуыл жасап, бұл елді құрлықтан, теңіз бен әуеден қоршауға алды. Бұл әскери шабуыл салдарынан 14000-нан астам жарақат алып, миллиондаған адам босқынға айналды. Сауд Арабиясының әскери шабуылы өзі кедей Йемен елін азық-түлік және дәрі-дәрмек тапшылығымен бетпе-бет келтірді.

 

 

 

 

Тегтер