Теһранда ЭЫҰ-ның аймақтық бағдарлама кеңесінің отырысы жұмысын бастады
Жел 17, 2018 23:08 Asia/Almaty
ЭЫҰ-ның аймақтық бағдарлама кеңесінің 29-шы отырысы осы ұйымның саясаттары мен стратегияларын анықтау мақсатында дүйсенбі күні Теһранда өз жұмысын бастады.
ЭЫҰ-на мүше елдер елшілері және экономикалық сарапшылардың қатысуымен өтіп жатқан төрткүндік отырыста сауда және инвестиция, тасымал мен байланыстар, энергетика мен минералды заттар, ауыл шаруашылығы, қоршаған орта мен туризм сияқты мәселелер талқыланады.
ЭЫҰ Иран, Пәкістан мен Түркия арасында экономикалық, техникалық және мәдени ынтымақтастықтарды ілгерілету мақсатында 1985 жылы құрылған. Кейінгі жылдары Ауғанстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан және Әзірбайжан осы ұйымға қосылды.